Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Теміртауда полицейлер көпқабатты үйдің шатырына шығып кеткен жігітті құтқарды

2020 жылдың 17 ақпан 2020 19:00

ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Ақтау кентіндегі тәртіп сақшылары бес қабатты үйдің шатырына шығып кеткен 26 жастағы жігітті құтқарды. Полицияны оқиға орнына куәгерлер шақырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

16 ақпан сағат 18.20-да Теміртау қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне Ақтау кентінің 60 жастағы тұрғыны хабарласып, бес қабатты үйдің шатырында белгісіз ер адам айғайлап, арлы-берлі жүргенін айтқан.

Оқиға орнына дереу 414 автопатрулі жіберілді. Оның құрамында Теміртау қаласы ПД патрульдік полиция батальонының инспекторлары Әлжан Сәдуақасов пен Бауыржан Айқынбаев бар еді.

«Полицейлер үйдің төбесіне көтеріледі. Сол сәтте Әлжан Сәдуақасов білдіртпей ер адамға жақындаған. Ол орайла сәтте ер адамды күртешесінің жағасынан ұстап, қауіпсіз жерге алып кетті», - деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы.

Кейін ер адам өзіне қол жұмсау ойында болмағанын мойындады. Ол осы әрекетімен бұрынғы әйелінің назарын өзіне аудартқысы келген.


Жоғары қарай