Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Telegram-да балалардың құқығын қорғайтын чат-канал ашылды

2019 жылдың 2 сәуір 2019 18:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігінің Бала құқықтарын қорғау комитеті кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылық, зорлық-зомбылық, сондай-ақ педагогтардың әдепке жатпайтын мінез-құлық фактілері туралы хабарламаларды анықтау мақсатында Telegram мессенжерінде Bala QORGAÝ чат-каналын ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Егер Сізге жоғарыда көрсетілген фактілер туралы белгілі болса, облыс, аудан, ауыл, білім беру ұйымының атауы көрсете отырып, аталған чатқа ақпаратты жіберуге болады. Аталған сілтемелер Бала құқықтарын қорғау комитеті тарапынан шұғыл шаралар қабылдау үшін құзыретті органдарға жолданады» делінген хабарламада.

Чат-каналға қосылу үшін Telegram қосымшасынан «bala_qorgau» деп іздеп, арнаға жазылуға болады.

Жоғары қарай