Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 448.52
EUR 490.32
RUB 5.69
CNY 63.23

Текелі әкімі заңсыз саудадағы 5 литрлік арақпен күреспек

2020 жылдың 27 ақпан 2020 13:43

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Текелі қаласының әкімі Бақтияр Өнербаев заңсыз 5 литрлік арақты сатқандарды ұстап бергендерге бір жалақысын беруге дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«5 литрлік полиэтилен бөтелкедегі «Өскеменнің ішімдігі» Текеліде заңсыз саудалануда. Бірақ біз заңсыз жұмыс істеп ішімдіктің осы түрін саудалап жатқандарды нақты таба алмай отырмыз. Сол себепті, қалаға бұл арақты жеткізіп, көтерме бағамен саудалап жатқан адамды бізге тауып берген адамға мен бір айлық жалақымды беруге дайынмын», - деді Текелі қаласының әкімі Бақтияр Өнербаев.

Ал Бақтияр Өнербаевтың айтуынша, оның бір айлық табысы 300 мың теңге.

Қала әкімі мұндай шешімді қайғылы жағдайдан кейін қабылдағанын айтады.

«2019 жылдың қараша айында қалада қайғылы жағдай болды. Бір үйден ер және әйел адамның мүрдесі табылды. Ал үстел үстінде «Өскеменнің ішімдігі» тұр. Сондықтан тұрғындардың өміріне алаңдағандықтан, осындай шешім қабылдап отырмын», - деп толықтырды Бақтияр Өнербаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін қоғамдық орында ішімдік ішкен үш тұрғынның үстінен түскен әкім Бақтияр Өнербаев оларды заң алдында жауапқа тартқан болатын.


Автор Самал Қабышева
Басты сөздер: Алматы облысы, Әкім,
Жоғары қарай