Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 376.51
EUR 418.91
RUB 6.13
CNY 54.90

Техастағы химия зауыты өртеніп жатыр

2019 жылдың 28 қараша 2019 08:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – АҚШ-тың Хьюстон қаласының маңындағы химия кәсіпорнында бір күн ішінде екі жарылыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN-ге сілтеме жасап.

«Техас химия зауытында сәрсенбі күні түс қайта тағы да жарылыс болды. Ол жерде әлі де химикаттар жанып жатыр», - делінген хабарламада.

TPC Group зауытында жергілікті уақытпен 01:00 шамасында жарылыс болған. Апат салдарынан кем дегенде үш адам жарақат алған. Порт-Нечес қалашығының инфрақұрылымына зақым келген.

12 сағаттай уақыт өткен соң зауыт тағы да жарылған. Жергілікті билік 6,5 км шақырым радиусқа дейін эвакуация жасаған. Өйткені тағы да жарылыс болу қаупі бар.

Комбинат басшылығы қазір апат болған жерге жақын тұрған химикат резервуарларын сақтап қалуға күш салып жатыр. Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен күресіп жүр.

Апат себептері тергеуде анықталады.

Басты сөздер: АҚШ, Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай