Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 384.63
EUR 427.98
RUB 6.08
CNY 54.68

Тауда жоғалған қызды іздестіруге тікұшақ жұмылдырылды

2019 жылдың 14 қараша 2019 15:30

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда тауда жоғалған қызды іздестіруге тікұшақ шықты. Бұл туралы ҚазАқпаратқа ҚР ІІМ ТЖК Республикалық құтқару жасағы хабарлады.

«Іздестіру жұмыстары жалғасатын болды. Кеше құтқарушылар жаяу аралап көрді. Қазір іздеу шараларына көбірек территорияны көру үшін тікұшақ жұмылдырылды», - деді Республикалық құтқару жасағының баспасөз қызметінен.

Еске салайық, бойжеткеннің жоғалғаны туралы 10 қараша күні белгілі болды. Ол тау туризмімен айналысып жүрген. 9 қараша сағат 13:00 шамасында ол Үлкен Алматы (Жосалы) көлінде түскен фотосын әлеуметтік желіге жариялаған.

Одан кейін байланысқа шықпаған. Бұған дейін жүргізілген іздестіру жұмыстары қыздың туыстарының өтініші бойынша тоқтатылған болатын.

Бірақ кейін Ә.Панарғалиеваның жақындары іздестіруді жалғастыруды қайта сұрады.

Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Алматы, Оқиға,
Жоғары қарай