Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 385.16
EUR 425.95
RUB 6.01
CNY 54.51

Тауарлар сапасын тексеретін арнайы комитет құру қажет - Елбасы

2018 жылдың 5 қазан 2018 14:39

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетін құру кеерк. Бұл туралы бүгін Ақордада Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлт саулығы - мемлекеттің басты басымдығы. Бұл - қазақстандықтар сапалы азық-түлікті пайдалануға тиіс деген сөз. Бүгінде халықты сапасыз әрі денсаулыққа және өмірге қауіп төндіретін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерден қорғайтын тұтас саясат жоқ», - деді ҚР Президенті.

Осы ретте Елбасы Үкіметке шаралар қабылдауды және осы жұмысты ретке келтіруді тапсырды.

«Мүмкін Тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетін құру керек шығар. Ең алдымен ол азық-түлікке, дәрі-дәрмекке, ауыз суға, балалар тауарына, медициналық қызмет көрсетуге сараптама жүргізуді қамтуы тиіс. Адамның денсаулығы осылардан басталады емес пе. Бұл орайда, тұтынушылардың құқықтарын қорғайтын қоғамдық ұйымдарды институционалды тұрғыдан күшейтіп, оларды белсенді пайдаланған жөн», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Жоғары қарай