Ауа райы
Нұр-Сұлтан 15 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 377.33
EUR 424.68
RUB 5.92
CNY 56.17

Татарстанда «Алтын адам» көрмесі ашылды

2019 жылдың 16 наурыз 2019 20:18 797

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесі Қазандағы «Манеж» көрме залында ашылды. Көрме Татарстандағы Қазақстанның мәдени күндерінің бастамасы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан мен Татарстан мәдениет министрліктерінің қолдауымен «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруінің»  салтанатты ашылуы және Қазақстан киносының күндері өтті. Көп рахмет, құрметті Арыстанбек Мұхамедиұлы», - деп қуанышты хабарымен бөлісті Қазандағы Қазақстанның бас консулы Еркін Тұқымов Faceebook-тегі парақшасында.



Алтын адам көрмесі 15 сәуірге дейін жалғасады. Өз кезегінде қазақстандық кино күндері «Алтын тақ», «Әміре», «Оралман», «Талан», «Анаға апарар жол» фильмдерін ұсынды. Оларға кірк тегін», - деп атап өтті Еркін Тұқымов.



«Қазан қаласын ХХ ғасырдың басында қазақ интеллигенциясы үшін білім мен қайраткерліктің маңызды қалаларының бірі болған. Сол себепті аталдмыш қаланың «Қазақстанның мәдени мұралары» бағдарламасындағы маңызды нысандардың бірі болғандығы мені қуанта», - деді консул. Қазандағы «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесі халықаралық «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі»жобасының аясында өтті.

Экспозицияда «Алтын адам» аталатын Қазақстанның символы таныстырылды.

Алматы төңірегіндегі сақ патшасының бай қазба мұрасын 1970 жылы аргеолог Кемаль Акишев тапқан болатын. Қазандықтар жауынгермен байланысты  темір дәуіріне тиесілі басқа да 127 археологиялық қазба байлықтарымен танысады.

 Көрме бұған дейін Минск, Мәскеу, Баку, Сиан, Гданьск және Сеул қалаларында болды. 2019 жылы Өзбекстан, Малайзия, Грузия, Испания, Италия және әлемнің басқа да қалаларында ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін де Татарстан Республикасында «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесі ашылатындығы туралы хабарлаған болатынбыз. 

 

Жоғары қарай