Ауа райы
Нұр-Сұлтан 17 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 380.56
EUR 430.15
RUB 6.02
CNY 55.55

Ташкент университетінде академик Қ. Сәтбаев атындағы аудитория ашылды

2019 жылдың 22 сәуір 2019 20:33 802

  ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - И. Каримов атындағы Ташкент мемлекеттік техника университетінде қазақтың көрнекті ғалымы академик Қ. Сәтбаев атындағы аудиторияның ашылу рәсімі болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісі.

Аудитория Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті мен И. Каримов атындағы Ташкент мемлекеттік техника университеті арасындағы ынтымақтастық аясында ашылды. Аудитория Д. Серікбаев университетінің қаражатына жабдықталып, қажетті техника және әдебиеттермен қамтамасыз етілді.

Алдағы уақытта екі университет студенттер, профессор-оқытушылар құрамының академиялық мобильділігі саласында да қарым-қатынас орнатпақ. Бұдан бөлек, металлургия және геология бойынша бірлескен білім бағдарламаларын да жасау жоспарланған.

ШҚМТУ ғылыми жұмыстар және зерттеулер жөніндегі проректоры Олег Гавриленконың айтуынша, жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықтың негізінде бірлескен білім бағдарламалары, ғылыми зерттеулер, академиялық және ғылыми білімдерді алмасу жатыр.

«Осылардың алғашқысы бойынша біз өзбек әріптестермен бірлесе магистр және докторанттарды даярлаймыз. Екіншісі бағыт бойынша халықаралық зерттеу топтары арқылы бірлескен ғылыми жобалар іске асырылады. Үшінші бағыт бойынша, ғалымдар тәжірибелері мен ғылыми жетістіктерін бөліседі. Бұған мүмкіндіктер жеткілікті. Бұл, әсіресе, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға жасаған сапарынан кейін өзекті бола түсті», - дейді О. Гавриленко.



null 

Автор: Мирас Қуандықов

 

 

Басты сөздер: Өзбекстан, Ғылым,
Жоғары қарай