Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 389.94
EUR 433.50
RUB 6.10
CNY 55.13

Тараздық спортшы ұлттық ат спортынан Азия чемпионы атанды

2019 жылдың 27 сәуір 2019 16:56

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облыстық әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы ұлттық ат спорт түрлері бойынша жастар арасындағы І Азия чемпионаты туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық ат спорт түрлері бойынша жастар арасындағы бірінші Азия чемпионаты Алматы облысы Талғар ауданының Панфилов ауылындағы ипподромында өткен болатын. Оған Қытай, Ресей, Малайзия, Түркия, Мажарстан, Ауғанстан, Моңғолия, Өзбекстан, Тәжікстан мен Қазақстаннан барлығы 142 спортшы қатысты. Қатысушылар көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату секілді ұлттық спорт түрлері бойынша сайысқа түсті.

«Чемпионат қорытындысы бойынша көкпардан Қазақстан құрамасы жеңімпаз атанды. Қазақстан құрамасы сапында Жамбыл облысынан бес спортшы өнер көрсетті. Олар - Тұрғанбек Құрманбек, Жарылқасын Ернар, Камелхан Ернұр, Әзімбаев Ерсұлтан мен Мәлімбай Ернет. «Жамбы атудан» жамбылдық Бабажан Бақдәулет ұлттық құрама сапында бірінші орын алып, Азия чемпионы атанғанын ерекше атап өту керек», - деді спорт ведомствосында.








Автор: Галина Скрипник

Басты сөздер: Спорт, Жамбыл облысы,
Жоғары қарай