Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Тараздағы жәрмеңкеде 54 тоннаға жуық өнім сатылды

2019 жылдың 20 қазан 2019 11:49

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласында ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімінің қолдауымен қолға алынған алғашқы жәрмеңке сенбі күні қаладағы коммуналдық базарда өтті. Жәрмеңкеде Байзақ, Қордай, Талас аудандары мен Тараз қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің және тұрақтандыру қорының тауарлары ұсынылды.

«Бұл жәрмеңкеде жалпы құны 11,7 миллион теңге 53,8 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері сатылымға шықты. Оның ішінде 4,7 тонна ет, 1,3 тонна сүт өнімдері, 1 тонна шұжық өнімдері, 2 мың дана жұмыртқа, 1,3 тонна балық, 300 келі бал, 400 келі кондитерлік өнімдер мен 1 тонна макарон өнімдері, 100 келі тұз және 41,6 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері бар. Өнімдер нарықтағыдан 10-20 пайызға арзан бағада ұсынылды», - дейді Қайрат Аманов.

Айта кету керек облыс орталығындағы жәрмеңке 1 желтоқсанға дейін сенбі күндері апта сайын бекітілген кестеге сәйкес аудандар бөлінісінде өтетін болады.

Алдағы аптада Жамбыл, Сарысу, Т.Рысқұлов, Шу аудандары мен Тараз қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің және тұрақтандыру қорының тауарлары ұсынылмақ.

Жоғары қарай