Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 447.60
EUR 489.41
RUB 5.71
CNY 63.05

Таразда жеңіл атлетикалық және гимнастикалық манеждер салынады

2020 жылдың 19 ақпан 2020 14:31

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Биыл Жамбыл облысында 14 жаңа мектеп салынып, 3 орын тапшылығы бар, 1 апатты және 1 үш ауысымды мектептің мәселесін шешу жоспарлануда. Бұл туралы өңір басшысы Бердібек Сапарбаев халықпен есепті кездесуінде айтты,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биыл 285 мектеп санитарлық жүйлермен жабдықталатын болады. Нәтижесінде бұл мәселе облыс мектептерінің 100 пайызында шешілмек. Сондай-ақ, барлық мектептер бейнебақылау жүйесімен қамтылады.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласында 18 жедел жәрдем көлігін сатып алу, медициналық жабдықтау деңгейін 92 пайызға жеткізу, МӘМС енгізу бойынша белсенді жұмыстарды жалғастыру жоспарлануда.

Сонымен қатар, биыл өңірде 91 спорт алаңшасы салынбақ. 1200-ден астам жасқа грант беріліп, Тараз қаласында жеңіл атлетикалық және гимнастикалық манеждерінің құрылысы басталмақ.


Жоғары қарай