Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 378.54
EUR 429.79
RUB 5.72
CNY 55.82

Таразда толассыз жауған жаңбыр салдарынан 5 үй су астында қалды

2017 жылдың 5 қазан 2017 19:03 112

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Екі тәуліктен бері толассыз жауған жаңбыр салдарынан Тараз бен қала маңындағы жеке үйлерді су басқан, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Өткен тәулікте Жамбыл облыстық ТЖД жедел-құтқару жасағы тұрғындарға көмек көрсетуге барды, - делінген өңірдің ТЖ департаментінің хабарламасында. - Таразда толассыз нөсер салдарынан төрт үйдің аумағын су алды. «Өрт сөндіру қызметі және апаттық-құтқару жұмыстары» ММ күштерімен (бес адам, екі мотосорғы) су айдалып жатыр».

Жамбыл облыстық ТЖД алдағы үш тәулікте түнде ауа температурасы 1-6 градусқа дейін төмендейтінін ескертуде. Метеорологияның деректері бойынша, қазан айының басында Жамбыл өңірінде күннің күрт суытуы кездеспейді. 

Басты сөздер: Жамбыл облысы, Ауа райы, Қоғам,
Жоғары қарай