Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

Таразда із-түссіз жоғалып кеткен 8 адам табылды

2019 жылдың 20 қазан 2019 05:24

ТАРАЗ. ҚазАқпарат –Таразда «Қаңғыбас» жедел алдын алу іс-шарасы барысында із-түссіз жоғалып кеткен 8 адам табылды, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған шара белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдарды анықтау, криминалистикалық, жедел-анықтамалық және басқа да есепке қою, сондай-ақ аталған санаттағы адамдардың арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында өтті. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Үш тәулік ішінде Жамбыл облысы полиция департаменті бөлімшелерінің қызметкерлері полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Нұржан Қалметовтің басшылығымен бірқатар жедел іс-шаралар өткізді. Оның 36-ы қабылдау-тарату орнында болды. Жедел алдын алу іс-шарасы барысында 10 қылмыскер ұсталды, оның ішінде үшеуі-ТМД елдерінен. Сондай-ақ, сегіз із-түзсіз жоғалып кеткен адамның орналасқан жері анықталды»,- делінген ведомство хабарламасында.

Департамент мамандарды бұл бағыттағы алдын алу жұмыстары жалғасып жатқандығын айтады.

Жоғары қарай