Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Таразда есірткі насихаттайтын сайттар бұғатталды

2019 жылдың 24 қазан 2019 22:56

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Таразда «Рефлекс-2019» жедел-алдын алу шарасы барысында синтетикалық есірткіні насихаттайтын интернет-сайттар бұғатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Рейд кезінде Жамбыл облыстық Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және Тараз қаласының Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері үйлердің қабырғалары мен қоршауларына есірткіні насихаттайтын граффит жазулар жазған Тараз қаласының тұрғынын қолға түсірді. Ұсталған азамат кінәсін мойындап, жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Шара аясында Табылған жазулар өшірілді, синтетикалық есірткіні насихаттайтын интернет-сайттар бұғатталды. Қала бойынша 600-ге жуық жазба жойылды. Жамбыл облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласының үйлері мен ғимараттарының қабырғаларында граффит жазуларды алыптастау бойынша «Тараз Жасыл ел» ұйымын тарта отырып, жүйелі түрде іс-шаралар өткізіп тұрады», - делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ, Полиция департаменті облыс тұрғындарын азаматтардың денсаулығына қауіп төндіретін есірткінің таралу проблемасынан тыс қалмауға және онымен күресте белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырды.




Жоғары қарай