Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 388.70
EUR 428.70
RUB 6.08
CNY 55.46

Таразда бес қабатты тұрғын үйден өрт шықты

2019 жылдың 16 қазан 2019 16:12

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – 16 қазан күні сағат 15:30-да 101 пультіне Тараз қаласының 2-ші шағын ауданындағы бес қабатты тұрғын үйінен өрт шыққаны туралы хабар түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

Сағат 15:34-те оқиға орнынан өрт сөндірушілер келді. Бұл кезде үйдің шатырының шамамен 100 шаршы метр аумағы өртеніп кеткен болатын. Осы кезде тұрғындарды эвакуациялау және өртті сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тілсіз жауды сөндіруге ТЖД-нің жеке құрамынан 46 адам және 9 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.

Полиция қызметкерлері үйдің аумағын қоршап алды.







Жоғары қарай