Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Таразда алғаш рет түрмеде жатқан 4 сотталушы университет бітіріп, диплом алды

2019 жылдың 20 сәуір 2019 17:28

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тұңғыш рет Тараздағы түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқандар жоғары оқу орнын тәмамдап, дипломға қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл пилоттық жобаны ұйымдастыруға өңірдегі іргелі оқу ордасы М.Х.Дулати атындағы ТарМУ және Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД-158/7 мекемесі ұйытқы болған. Жоба бойынша 4 бірдей сотталушы «Кәсіби даму және карьера» орталығында қашықтықтан оқыған.

«Ерекше режимдегі мекеменің арнайы базасы лайықты түрде жабдықталған. Азаматтар заманауи техника мен жаңашылдықтарды меңгеру мақсатында «Көлік, көлік техникасы және технологиялары, машиналар мен механизмдер теориясы», «Құрылыс материалдары» мамандықтарын 3 ай оқып, біліктілігін жетілдірді. Барлық төлем сотталушылардың өз есебінен жүргізілді»,- дейді мекеменің тәрбие бөлімінің бастығы Сұлтан Әбенов.

Айта кетейік, бүгінде оқшаулы орында №15 колледжінің қызметкерлері үздіксіз жұмыс істеуде. Олар 5 кәсіптік мамандық бойынша 120-ға жуық азаматты оқытып жатыр. Сондай-ақ, кешкі мектеп 20 адамға міндетті білім беруде. Оқуға ниеттілер саны күн санап артып келеді екен. Алдағы уақытта да аталған жоба жүйелі жүзеге асады деп күтілуде.

Жоғары қарай