Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 414.46
EUR 451.35
RUB 5.77
CNY 58.12

Тараз тұрғыны дәрігерлер туралы бейнетүсірілім үшін кешірім сұрады

2020 жылдың 10 сәуір 2020 02:10

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Әлеуметтік желілерде қоқыс пакеттерінен жасалған қорғаныс костюмдеріндегі дәрігерлермен жарияланған видео үлкен резонанс тудырған болатын.

Бұл видеоның Жамбыл облысында түсірілгені белгілі болды,- деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Тараз қаласында түсірілген аталған видеоның кейіпкерлері – қатерлі ісікке шалдыққан науқастарға арналған «Амазонка» қорының еріктілері бұл видеоны теріске шығарды. Ол туралы Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі Қанат Құлшыманов өзінің Facebook парақшасында жариялады.

Қ.Құлшыманов өз жазбасында аталған қордың мемлекеттік медициналық мекемелерге еш қатысы жоқ екендігін жеткізген.

«Маған осы қордың директоры Анжелика Сарьян хабарласты. Ол видео авторының әрекетіне наразылық білдірді. Мұны жоққа шығаруды сұрады», - дейді ол.

Роликтің 8 сәуір күні түсірілгені анықталды. Қоғамдық ұйымның қызметкерлері сол күні туыстары жоқ науқасқа бара жатқан.

«Біз қатерлі ісік ауруымен ауыратын адамдармен айналысатын қоғамдық ұйымбыз. Біз үйге келіп, әртүрлі қызметтерді ұсынамыз. Бізде білікті қызметкерлерден құралған мобильді топтар бар. Біздің ұйымға кез-келген адам көмек сұрап келе алады. Біз ашық ұйымбыз және әрқашан көмектесуге тырысамыз. Бұл жолы көрсетілген мекенжай бойынша барғанда біз өзімізге сақ болу керектігін түсіндік. COVID-19 таралуына байланысты бізде де қызмет көрсету бойынша ережелер мен шектеулер бар. Ұйым қызметкерлері маска, бахила, бас киімнен басқа, қолда бар заттармен сақтану қажет деп шешті. Біз бір рет пайдаланылатын пакеттер мен скотч қолдандық, бұл заттар жедел бригада келген көлікте болды. Осылайша біз өзімізді қорғау қажетдеген шешім қабылдадық. Видеоны түсірген адам жағдайды пайдаланып, жалған ақпараттар мен видеоны жүктеген», - дейді ұйымның директоры.

Бүгін әлеуметтік желіде резонанс тудырған видеоның «авторынан» бұл ақпаратты жоққа шығарған хабарламасы пайда болды. 40 жастағы Тараз тұрғынының айтуынша, 8 сәуірде ол дәрігерлерді емес, «Амазон» үкіметтік емес ұйымының өкілдері болған видео түсіргенін айтты.

«Еріктілер қолдарына бас киім, аяқ киім, халат, маска киді. Олар қатерлі ісікке шалдыққан науқасқа келіп, импровизацияланған құралдарды, яғни пакеттерді қолданды. Мен оларды дәрігер деп ойладым. Мен барлық қазақстандықтардан кешірім сұраймын», - деді ол.





Жоғары қарай