Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Танзанияда бензовоз жарылып, 60 адам қаза болды

2019 жылдың 10 тамыз 2019 20:40

МОРОГОРО. ҚазАқпарат – Танзанияда бензовоз жарылып, салдарынан 60 адам мерт болды, тағы 70-і зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Guardian порталына сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, бензовоз Дар-эс-Саламнан батысқа қарай шамамен 125 миль (200 шақырым) жердегі Морогоро қаласында аударылып, ішіндегі бензин сыртқа төгілген. Жергілікті тұрғындар жанармайды құйып алып жатқан уақытта көлік жарылған.

Әлеуметтік желілерде тараған видеода бір топ адам төгілген жанар-жағармайды канистрлерге жинап жатқаны көрінеді. Кейбір куәгерлердің айтуынша, жарылыс адамдардың бірі оқиға орнында шылым тұтатқан кезде болған.

«Алапат өрт болды. Адамдарды құтқару мүмкін емес еді. 65-70 адам құтқарылғанын көрдім. Жалын жылдам тарады», - деді Reuters-ке оқиғаға куә болғандардың бірі Даниэль Нгого.

Танзания Президенті Джон Магуфули осынша халықтың қаза болғанын естіп, есеңгіреп қалғанын мәлім етті.

«Үкіметтің ресми өкілі Хасан Аббаси Тwitter-де: «Морогорода бензовоз жарылып, адамдардың қаза болғаны туралы жаңалықтан қатты күйзелдік», - деп жазды.

Аббасидің сөзінше, ел үкіметі құтқару операциясын үйлестіруге және көз жұмғандардың тұлғасын тану жұмыстарына көмек көрсетіп жатыр.

Перевод Мира Төлендіқызы
Басты сөздер: Әлем,
Жоғары қарай