Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Танымал айтыскерлер Қазақстан қалаларын аралап, айтысты жаңа форматта өткізеді

2019 жылдың 19 сәуір 2019 11:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 25 сәуір күні Талдықорған қаласында «Ұлы дала ән мен жыры, ақындықтың жеті қыры» республикалық туры басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тур аясында Қазақстанның 22 қаласында Балғынбек Имаш, Айнұр Тұрсынбаева, Сара Тоқтамысова, Жандарбек Бұлғақов сынды танымал айтыскерлер өнер көрсетеді. Ән мен жырдан бөлек, көрермендерге ғаламат шоу көрсету де жоспарланған.

Талдықорғаннан кейінгі сапар Семей, Павлодар, Ақтау, Қарағанды, Жаңаөзен, Петропавл, Орал, Тараз қалаларында жалғасын табады.

«Өз басым айтысқа үлкен құрметпен қараймын. Ең үздік айтыскерлерді жинап, ел аралау көптен бері ойымда жүрді. Себебі, айтысты тартымды әрі заманауи етіп ұсынуға болады. Айтыстың ғұмыры әлі ұзақ. Негізгі ой осы. Мамыр айында ірілі-ұсақты барлық қалаларды аралаймыз. Билеттердің бағасы айтарлықтай арзан және әр өңірде билет түсімнің бір бөлігі қайырымдылыққа беріледі. Яғни, бұл - ақша табуды көздейтін жоба емес», - деді жобаның бас продюсері Жан Мұқанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Баспасөз мәслихатында айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева «Ақындықтың жеті қыры» тақырыбын тарқатып түсіндіріп берді.

«Қайбір жылы Хабарда өткен «Жұлдызды айтыста» әншілер бізді мойындады. Себебі айтыскер жан-жақты болуы керек. Мәселен, айтысқа шығып, домбыра тартуыңыз - бір өнер. Халыққа күліп қарап отыруыңыз - актрисалық қабілетіңіз. Үшіншіден - қарсыласыңыздың тыңдап отырасыз да, төртіншіден - қарсыластың сұрағына, тиісіп отырған шумағына лезде жауап ойлап табу керек. Суырып-салып шығарған өлеңді домбыраға салып, күліп отырып, бір мезетте халыққа жеткізу - меніңше, ақындарға жеті қырдың өзі аз шығар. Креативке келсек, Балғынбектің кешінде ерекшеліктер өте көп болады. Жастың да, кәрінің де қызығушылығын тудыру үшін барымызды салып жатырмыз», - деді ол.



null

Сондай-ақ, айтыскер өңірлердегі жас ақындарға үндеу жасады.

«Республикалық тур идеясы мен өткізген шығармашылық кештен бастау алды. Менен кейін Балғынбек те 1 мамырда есеп беру кешін өткізетін болды. «Екеуің қашанғы айтысасыңдар, шәкірттерің бар ма?» дегенде, мен Сараны, Балғынбек - Жандарбекті әкелді. Солай қиюы келе қалды. Енді өңірлерде танылмай жүрген 20 қаладағы ақындарға үндеу жасадық. Бізбен айтысқа шығыңыздар, бақ сынап көрініңіздер. Еш шектеу қойылмайды. Жобамыздың ерекшелігі де осы - тым болмаса 3-4 ақынды елге танытқымыз келеді», - деді Айнұр Тұрсынбаева.








null


null


null




null

Жоғары қарай