Ауа райы
Астана -26 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 387.37
EUR 428.55
RUB 6.06
CNY 55.06

Танымал аспаз көкшетаулықтарға ұлттық тағам дайындауды үйретті

2019 жылдың 18 қазан 2019 18:35

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Қазақстандық танымал аспаз Артем Канцев Көкшетаудағы №1 құрылыс-техникалық колледжінде оқытушылар мен студенттерге шеберлік сабағын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Қазақстан аспаздары ұлттық қауымдастығы ұйымдастырған «Қазақстанның ұлттық тағамы» атты шеберлік сабағына 40-қа жуық студент қатысты.

«Бұл жолғы шара халықаралық аспаз күніне арналып отыр. Дүниежүзілік аспаздар қауымдастығы жыл сайын осындай шара ұйымдастырып келеді. Биыл жетінші рет ұйымдастырылып отырған шараға Нұр-Сұлтан қаласынан қазақстандық танымал аспаз Артем Канцев қатысып отыр. Кәсіби шебер қазіргі заманғы технологиялар арқылы қазақ халқының ұлттық тағам түрлерін әзірлеуде алдына жан салмайды. Сондықтан, келешек аспаздар кәсіби шеберден тәжірибе алады», - дейді Қазақстан аспаздар ұлттық қауымдастығының төрайымы Елена Мащинская.

Жоғары қарай