Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
CNY 54.57

Танк биатлоны: Қазақстандықтар сайыстың алғашқы кезеңінде мәреге бірінші болып жетті

2019 жылдың 6 тамыз 2019 16:29 121

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Мәскеу қаласының «Алабино» полигонында «Танк биатлоны» сайысының жеке жарыс кезеңі жалғасуда. 22 минут 16 секунд нәтижесімен қазақстандық танкшілер бірінші болып мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

«Қашықтықтан өту кезінде танк экипаждарына тек жылдамдықты ғана емес, сондай-ақ зеңбіректен, зениттік және қосарлы оқшашардан ату дәлдігін көрсету маңызды болды. Жақсы нәтиже көрсеткен команда айып шеңберінде қалмайды. Ауыр машинаны басқару шеберлігін сынау үшін бірқатар кедергілерден өту қажет», делінген хабарламада.

Шұңқырлардан, жыралар мен қорғандардан өту танктер сайысын қыздыра түсті. Біздің экипаж бұл кезеңдегі сынақтан сүрінбей өтті. Қазақстандық танкистер жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жылдан жылға биатлонның мықты командаларының бірі ретінде өз шеберліктерін шыңдауда.

Айта кетейік, «Танк биатлоны» сайысы үш кезеңнен тұрады. Екінші кезеңде әр қатысушы елдің үш танк экипажы командалық жұмысты көрсетіп, бір танкпен өзара ауыса отырып өнер көрсетеді. Ал, финалдық кезеңде жүлделі орындарды иемдену үшін үздік танк экипаждарының төрттігі бәсекеге түседі.






Жоғары қарай