Ауа райы
Нұр-Сұлтан 21 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 378.83
EUR 430.99
RUB 6.04
CNY 55.05

Талғат Ерғалиев президенттікке үміткер ретінде ұсынылды

2019 жылдың 27 сәуір 2019 19:55 1496

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның құрылысшылар одағы ҚР Президенттігіне Талғат Ерғалиевті ұсынды, деп хабарлайды Қазақпарат ҚР Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап.

«2019 жылғы 27 сәуірде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 55-бабына сәйкес «Қазақстан Құрылысшылар одағы» республикалық заңды тұлғалар бірлестігі» Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде Талғат Файзуллаұлы Ерғалиевтің құжаттарын ұсынды» , - делінген ҚР ОСК ресми сайтында.

Бірлестік Орталық сайлау комиссиясына төмендегі құжаттарды тапсырған:

1. «Қазақстан Құрылысшылар одағы» республикалық заңды тұлғалар бірлестігі» жоғары органының Қазақстан Республикасының Президенттікке кандидатты ұсыну жөніндегі отырысының хаттамасынан үзінді;

2. Талғат Файзуллаұлы Ерғалиевтің Қазақстан Республикасының Президенттiгіне кандидат болып дауысқа түсуге келiсiм бергені туралы өтiнiші;

3. Өмірбаяндық деректері;

4. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжат;

5. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

6. Жоғарғы оқу орнындағы білімі туралы дипломдарының көшірмелері;

7. Мемлекеттік қызметте жұмыс тәжірибесінің бар екенін растайтын құжаттар.

Айта кетейік, Талғат Ерғалиев 1966 жылы Целиноград облысында туған. Агротехникалық университетті бітірген, инженер-механик. Оқытушы болып жұмыс істеген және кәсіпкерлік қызметпен айналысқан. 

1991-1992 жж. – Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетінің оқытушысы, инженерлік-педагогикалық факультеті деканының орынбасары. 

1993-1999 жж. – сауда компаниясының директоры. 

1999-2002 жж. – Қарашағанақ кен орнында «АксайИнвестСтрой» компаниясының басшысы. 

2004 жылы «Стройкласс» ҚК ЖШС-ін құрған, жоба-менеджері. 

2010 жылдан бері «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясы Орталық кеңесінің өңірлік саясат бойынша хатшысы. 

2012-2016 жылдары бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясының мүшесі болды. 

2017 жылдан бастап - «Қазақстан Құрылысшылар одағы» республикалық заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы.

Үйленген, үш баласы бар.

 

Жоғары қарай