Ауа райы
Нұр-Сұлтан 12 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 379.36
EUR 424.47
RUB 5.88
CNY 54.95

Талдықорғандық жастар ағашты тамырландыратын қондырғы жасап жатыр

2019 жылдың 23 қаңтар 2019 15:24 1216

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің мыңнан аса студенті бүгін «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты тақырыппен өткен Жастар жылының ресми ашылу салтанатын тікелей тамашалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

Талдықорғандық жастар тікелей эфирден өздері құралпы жастардың жеткен жетістігімен танысып,  олардың  табыстары барша замандастарына жігер беретінін айтады.  Биылғы жылдың ерекшелігін өз мүмкіндіктеріне пайдаланып, білім мен ғылымда алда болуға, жеке кәсіп ашып, үлкен жобаларды жүзеге асыруға талпынып отырған студенттер қатары баршылық.

Солардың бірі Чалматаева Маржан мен  Мұратбек Диас. Олар  «Жас ағашты тамырландыратын құнарлы қондырғы жасау» жобасын ойлап, оның тиімді жағын ғылыми түрде дәлелдемек.

 «Бүгінгі тікелей эфирді тамашалау арқылы, қолыма алған жобамды ары қарай жандандырып, іске асыруға құлшынып отырмын. Маған өзім қатарлы жастардың кездесетін қиыншылықтарға қарамай үлкен табысқа қол жеткізгендері күш берді. Менің де ертеңгі күні үлкен табысқа қол жеткізіп, Елбасының алдында әр ісімді мақтанышпен айтқым келеді. Жастарға берілетін барлық мүмкіндіктерді оңынан пайдаланып еліміздің әлеуметтік дамуына үлес қоссам, одан артық қандай бақыт болуы мүмкін. Жастардың күшін, энергиясын дұрыс бағыттауды көздеген бүгінгі жиын маған қатты әсер етті. Елбасына мың да бір алғыс» дейді Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің 1-ші курс студенті Мерей Жастаев.


null 

null 

Еске сала кетейік, бүгін Астанада «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты тақырыппен Жастар жылының ресми ашылуы өтті. Оған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан болатын.

 

 

Жоғары қарай