Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

Талдықорғандық кәсіпкер: МЖӘ негізінде ашылған бизнеске кедергілер көп

2019 жылдың 23 қазан 2019 15:53

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғандық кәсіпкер Қанат Жұлынов мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) негізінде бизнесін бастап, шығынға шаш етектен батып жатқанын айтады. Кәсіпкер аталған бағдарлама аясында үш жобасының екеуін жүзеге асырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қанат Жұлынов Талдықорған қаласынан 320 орындық «Алтын бесік» балабақшасын МЖӘ негізінде ашқан. Бірақ кәсіпкердің сөзінше, оған бұл бағдарлама тиімсіз. Себебі, ол балабақшаның төлемақысын да, қызметкерлердің жалақысын да өсіре алмай отыр. Өйткені, мектепке дейінгі мекеменің МЖӘ бойынша ашылғаны кәсіпкерге көптеген қиындықтар тудыруда. Ал мемлекеттен бөлінетін қаражат коммуналдық шығындарды ғана жабуға жетеді.

«2016 жылы «Алтын бесік» балабақшасын мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде аштық. Енді қараңыз, бизнесмен осы кәсіпке кеткен ақшасын шығару керек қой. Ал бізге бұл балабақшадан ешқандай пайда жоқ. Өйткені, үкімет өз бетімізше төлемақыны өсіруге рұқсат бермейді. Ал мемлекеттен бөлінген қаржы коммуналдық шығыннан аспайды. Екіншіден, осы бағдарлама аясында Қаратал ауданындағы Қожбан ауылында 20 орындық мектеп салдық. Бірақ төленуі тиіс қаражат әлі төленбеді. Үшінші мәселе, Ескелді ауданында 320 орындық балабақша салу үшін жобалық-сметалық құжаттар сараптамадан өтті. Енді облыстық маслихаттан өтпей тұр», - дейді кәсіпкер.

Жоғары қарай