Ауа райы
Нұр-Сұлтан 17 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 383.43
EUR 429.83
RUB 5.96
CNY 55.39

Талдықорғанда жаңа ұшақтар туристерді тасымалдауды бастады

2019 жылдың 18 сәуір 2019 22:19 783

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат  -  Талдықорғанда Чехиядан алынған қос ұшақ туристерді тасымалдауды басталды. Енді Айдынды Алакөлге демалушылар жаңа ұшақпен 6 мың теңге төлеп жете алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2018 жылы шыққан, 19 орындық L-410 ұшақтарын «Жетісу» авиакомпаниясы» АҚ жергілікті әуе жүйесіне қызмет көресету үшін алды. Оның бірі Талдықорған - Үшарал - Талдықорған, Алматы - Үшарал - Алматы бағытына ұшатын болады.

Қазір Талдықорған-Өскемен тас жолының құрылысы басталды. Туристер жол азабын тартпауы үшін оларға ұшақ билетінің құны жеңілдетілген бағамен ұсынылуда. Саяхатшыларға билет құнының 30 пайызы субсидияланады. Яғни Алматы - Үшарал бағыты - 10 мың, ал Талдықорған -Үшарал бағыты - 6 мың теңге. Енді бұл әуе кемесі Астана, Алматы - Үшарал, және Талдықорған бағытында аптасына үш рет қатынайды деп жоспарлануда.

Айта кетерлігі, L-410 модельді әуе кемелері әлемнің 50-ден астам елінде қызмет көрсетеді

Биылғы қаңтар айында Талдықорған әуежайына жаңа ұшақтар сатып алынғанын хабарлаған болатынбыз.

 

 

Жоғары қарай