Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -17 °С
валюта бағамы
USD 374.20
EUR 420.34
RUB 5.52
CNY 53.78

Талдықорғанда үшінші адам менингит күдігімен ауруханаға түсті

2018 жылдың 18 маусым 2018 19:34 902

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда тағы бір адам менингококк инфекциясын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті. Қазір 9 жастағы бала облыстық балалар ауруханасында жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысындағы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Ерғали Сыдымановтың айтуынша, науқастың жағдайы қалыпты.

«9 жасар бала қазір балалар ауруханасында жатыр. Ол Ораза ұстап жүрген екен. Оның үстіне мешітте медреседе оқиды. Соңғы барған жері сол жер», - деді департамент басшысы Е. Сыдыманов.

Айта кету керек, өткен тәулікте Талдықорған қаласында менингококк инфекциясын жұқтырды деген күдікпен 2 адамның ауруханаға түскенін хабарлаған болатынбыз. Бұл екі науқасқа да клиникалық тұрғыда аталған диагноз қойылған.

 

 

 

Жоғары қарай