Ауа райы
Нұр-Сұлтан 14 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 378.65
EUR 430.07
RUB 6.00
CNY 55.10

Талдықорғанда тұңғыш рет жемқорлыққа қарсы автошеру өтті

2019 жылдың 27 сәуір 2019 23:32 1169

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласында тұңғыш рет сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Жарқын болашақ» - «Bright future» автошеруі өтті, деп ҚазАқпарат тілшісі.

Шара жастар жылы аясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті мен облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының бастамасымен ұйымдастырылды.

«Әр көлік иесі талғамы мен ұстанымы қалыптасқан тұлға екені белгілі.Сол себепті түрлі маркалы көліктер қала орталығына жиналып, "сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ",- деп, өз ойларын білдірді. Авторшеруге Mercedes, Audi, Toyota, Volkswagen, Bmw, Subaru, Mitsubishi маркалы көліктердің клубтары және жол талғамайтын көліктер топтасқан «Кочевник» клубтары қатысты», - деп мәлімдеді шараны ұйымдастырушы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің өкілі Сымбат Исрапулова.



nullҚонаев көшесінде басталған автошеру қаланың басты көшелерімен жүріп өтіп,жергілікті тұрғындар мен қала қонақтарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға ерекше әдіспен шақырды.

Шараға қатысушы әр көлікке «Жетісу - адалдық алаңы» жобасының логотипі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет колл-орталығының 1424 нөмірі бейнеленген арнайы жапсырма  тағылды.

 Автошеру соңында автокөліктер «JASTAR» деген жазу жазып, шерудің нүктесін қойды.

 

 

Жоғары қарай