Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Талдықорғанда суретшілердің халықаралық симпозиумы аяқталды

2019 жылдың 28 қыркүйек 2019 20:42

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Сұлулық әлемді құтқарады» атты суретшілердің халықаралық симпозиумы өтті. Шараға Әзербайжан, Тәжікстан, Түркия, Қытай, Қырғыз елдері мен қазақстандық суретшілер қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Симпозиумның алғашқы күнінде «Ұлттық бірегейлікті сақтау: Ұлттық код. Ұлттық мәдениет» тақырыбында конференция ұйымдастырылды. Қылқалам шеберлері бірнеше күн бойы халықаралық пленэрге қатысып, қаланың көрікті жерлерін қағаз бетіне түсірді. Оқушылар сарайында жас суретшілерге шеберлік сабақтарын өткізіп, тәжірбиелерімен бөлісті.

Халықаралық симпозиумның жабылуында Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Марлен Көлбаев суретшілерді құттықтап, марапаттады. Марапаттау барысында суретшілерге қатысқаны үшін Халықаралық деңгейдегі сертификат пен 150 мың тенгенің сыйлығы табысталды.




Түркия Мемлекетінің «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының бөлім басшысы –Мехмет Санжар Мүләзімоғлы симпозиумға қатысқандарға Түркия мемлекетінің атынан үлкен сәлем жолдай отырып, «ТҮРКСОЙ» ұйымының атынан Алматы облысының әкімі Амандық Баталовқа «Алғыс хат» және барлық қатысқан суретшілерге сертификаттар табыстады.

Суретшілердің симпозиум барысында салған туындылары Көркемөнер галереясының негізгі қорының экспонаты ретінде сақтауға алынды. Симпозиумға барлығы 25 суретші қатысты.

Жоғары қарай