Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 376.73
EUR 427.36
RUB 5.75
CNY 56.07

Талдықорғанда егіз босанған әйел қайтыс болды

2019 жылдың 21 қаңтар 2019 18:32 1250

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласында егіз сәбиді дүниеге әкелген жас ана көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 19 қаңтарда облыстық перинаталдық орталықта болды.

«Пациент 15 күн бойы интенсивті терапия бөлімінде ем қабылдаған. Жағдайы тұрақты болып, жақсарып келе жатқан. Бірақ босанғанда қан кетіп, күрделі ота жасауға тура келді. Сол ота барысында әйелдің жүрегі кенеттен тоқтап қалған. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Жасаған әрекеттер нәтиже бермеді. Өлім тромбоэмболияның қауіпті асқынуынан орын алуы мүмкін», - деп мәлім етті облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта аталған оқиғаға байланысты қызметтік тексерістер жүргізілуде.

 

 

Жоғары қарай