Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 387.48
EUR 428.98
RUB 6.05
CNY 54.93

Талдықорғанда алғаш рет ұлттық киімдер байқауы өтті

2019 жылдың 13 қараша 2019 18:47

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Талдықорғанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Үкілі серуен» атты ұлттық киімдер байқауы өтті. Бірінші рет ұйымдастырылып отырған сайысқа Алматы облысында ұлттық киім тігетін шеберлер қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық мәдениет басқармасы қолға алған шарада тігіншілер ұлттық нақыштағы үздік киімдерін жұрт назарына ұсынды. Мұндағы басты мақсат өңір тұрғындарына ұлттық киімдерді кеңінен насихаттап, күнделікті киіп жүруге шақыру.




Балалар костюмдері, әншілер мен бишілерге арналған көйлектер мен камзолдар, бешпеттер мен спорттық жеңіл киімнің бәрінде қазақтың оюы мен өрнегі бар. Байқаудың алғашқы кезеңінде 10 саусағынан бал тамған ісмер жандар аудандық деңгейде шеберлігін сынады.

Мәдениет басқармасының басшысы Мәрлен Көлбаев байқауды дәстүрлі етіп және оның ауқымын кеңейтуді жоспарлап отыр.

«Биылғы жылы облыс көлемінде өтсе, келесі жлы осы байқауды Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында республика көлемінде өткізсек деп жоспарлап отырмыз. Егер қолдау табылатын болса біз республика көлемінде өткіземіз», - дейді басқарма басшысы.







Жоғары қарай