Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 399.51
EUR 447.33
RUB 5.78
CNY 56.10

Талдықорғанда 100-ден аса жаяу жүргінші айыппұл төледі

2020 жылдың 24 ақпан 2020 21:48

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда «Жаяу жүргінші» жедел-алдын алу шарасы аясында жол ережесін сақтамаған 100-ден аса тұрғынға хаттама толтырылды. Олардың қатарында жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаяу жүргіншіге жол бермеген көлік жүргізушісіне 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Ал, енді жаяу жүргіншілер белгіленбеген жерден өтіп, яғни жол ережесін бұзған жағдайда оларға 615-бабтың 1-тармағы бойынша 5 АЕК көлемінде айыппұл көзделген», - деді қалалық ІІБ жол полиция қызметінің аға инспекторы Құмар Смайлов.

«Жаяу жүргінші» жедел-алдын алу шарасына шаһардан 30-дан аса жол полиция қызметкері жұмылдырылды. Олар халық көп шоғырланған аумақта түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 300-ге жуық жаднама таратып, халықты жол жүру ережесін сақтауға шақырды. Жалпы тәртіп сақшыларының ақпаратына сәйкес, Талдықорғанда жыл басынан бері 23 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 1 адам қаза тауып, 30-ы жарақат алған. Жол полицияларының мәліметінше, алдын алу іс-шарасы оң нәтиже беріп отыр. Мәселен, былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда жол-көлік апаты 10 пайызға төмендеді.

«Жүргізушілер жолда белгіленген жылдамдықпен жүруі қажет. Бағдаршамда қызыл жанғанда жүріп кетпеуі тиіс. Бұл айтылған ескертулер жаяу жүргіншілердің қатысуымен орын алатын апаттардың алын алады. Ал жаяу жүргіншілер жолды рұқсат етілмеген жерден өтпеуі қажет. Осы әрекет соңы қайғылы жағдайға әкеледі. Сондықтан жол жүру ережелеріне сақ болыңыздар!», - деді Талдықорған қалалық ІІБ ЖПҚ инспекторы Айбек Мұсағалиев


Жоғары қарай