Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Таиландтан ұшып келген өскемендік әйелге ЖРВИ диагнозы қойылды

2020 жылдың 27 ақпан 2020 15:21

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласына Таиландтан ұшып келген әйел жедел респираторлық вирустық инфекция белгілерімен ауруханаға жатқызылған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, пациент ЖРВИ белгілерімен амбулаториялық орталықтың терапевтіне жүгінген. Анықталғандай, ол осыған дейін Таиландта демалыста болған.

«Тексеруден өткізілген әйелден коранавирус табылмады. Медициналық мекеме қызметкерлері бекітілген алгоритм мен коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы жарлыққа сәйкес әрекет етті. Енді пациент 14 күн бойы үйде карантинде болады», - делінген мәліметте.


Жоғары қарай