
Қазақстан киберқылмыспен күресте ТМД елдерімен ынтымақтасу жөніндегі келісімді ратификациялады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым Жомарт Тоқаев «ТМД» мемлекеттерінің ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстармен күрестегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Нұрлан Ноғаев Махамбет ауданында Жайықтың жағалауын бекіту жұмыстарымен танысты
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Махамбет ауданында болып, алда атқарылатын Жайық өзенінің жағалауын бекіту жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Бердібек Сапарбаев: Балаларымыздың қауіпсіздігі біз үшін әрқашан бірінші орында
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 28 қарашада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев мемлекеттік және құқық қорғау органдары басшыларының, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің орынбасарларының қатысуымен балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша селекторлық кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы полициясы мектептерде мамандандырылған күзет қызметін енгізуді ұсынды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы полициясы қала мектептерінде арнайы мамандандырылған күзет қызметін енгізуді ұсынды. Бұл туралы полиция департаментінің қаладағы мектеп директорларымен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордада ТМД елдеріндегі еңбек тәртібін реттеу мәселелері талқыланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан астанасында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердегі еңбек стандарттары бойынша халықаралық конференция өтті. Бұл жөнінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Елордада балалар қауіпсіздігі айлығы жарияланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда әкімдігінде қала әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкеннің төрағалығымен білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жиын өтті. Шара барысында қатысушылар мектептердегі бейнебақылау жұмысын талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қарағандыда қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жаңа жоба енгізіледі
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди жұмыс сапарымен Қарағанды облысына келді. Сапардың мақсаты Қарағандыда еліміз бойынша алғашқы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілдің «пилоттық» жобасын енгізу болып табылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық Азия басшыларының Консультативтік кездесуінен не күтеміз – өзбек сарапшысы айтып берді
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Орталық Азия басшыларының Консультативтік кездесуінен не күтуге болатынын «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісіне «Білім керуені» мемлекеттік емес ғылыми-білім беру мекемесінің басшысы Фархад Талипов айтып берді.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай