
Трамп АҚШ пен КХДР арасында екінші ядролық саммит өткізбек
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ Президенті Дональд Трамп Сенат пен Конгресс палаталарының алдында сөз сөйлеп, Солтүстік Корея басшысымен екінші ядролық саммит өткізетінін мәлімдеді. ВВС басылымының жазуынша, 82 минутқа созылған сөзінде Дональд Трамп ақпанның 27-28 күндері Вьетнамда ҚХДР басшысы Ким Чен Ынмен жоғары деңгейдегі кездесу өткізетінін айтқан.

Әлем елдері жаңа жаһандық апатты болдырмауы тиіс - Елбасы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейбітшілікті қалайтын елдер жаңа жаһандық апаттың болуына жол бермеу үшін жұмыс істеуі қажет. Бұл туралы бүгін Ақордада бірқатар шетел Елшісінен сенім грамотасын қабылдаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР СІМ АҚШ пен Ресейдің зымырандарды жою шартын тоқтатуына қатысты мәлімдеме жасады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Америка Құрама Штаттарының Орта және кіші қашықтықтағы ракеталарды жою туралы шартқа (ОКҚРШ) қатысуын тоқтату туралы шешімі мен Ресей Федерациясының ұқсас шешіміне байланысты өз алаңдаушылығын білдіреді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Ядролық сынақтар үшін Францияның үстінен сотқа шағым түсті
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сотқа Полинезияда жүргізілген ядролық сынақтар салдарынан адамзатқа қарсы жасалуы мүмкін қылмыстар үшін Францияның үстінен талап-арыз түсті. Бұл туралы сейсенбі күні франциялық Полинезияның бұрынғы президенті Оскар Темаруға сілтеме жасап Франс Пресс агенттігі хабарлады.

Ядролық қарудың қоры барлық адамзатты жойып жіберуге жеткілікті - Гои бейбітшілік қоры
АСТАНА. ҚазАқпарат - Гои бейбітшілік қорының президенті Хироо Сайонджи Астанаға келіп, ядролық қарусыздандыру мәселесіне арналған конференцияға қатысты. Осыдан екі жыл бұрын ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа аталған қордың арнайы сыйлығы табысталған болатын, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау жөніндегі комиссияның отырысы өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жаппай қырып-жоятын қаруды (ЖҚҚ) таратпау мәселелері жөніндегі комиссиясының кезекті 15-отырысы өткізілді, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай