Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08
Сирияда 30 рет тұрмысқа  шыққан  әйелдер  бар - теолог АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан тәуелсіздік алып, дін мәселесіне қатысты алғашқы заң қабылданған шақта оның діни сенім бостандығы туралы тұсын түрлі ағымдар мен миссионерлік топтар өздерінің құйтырқы іс-әрекетін жүзеге асыруда тиімді пайдаланып үлгерді. Әлі оң-солын бағамдай қоймаған жастар ғана емес, тіпті өмірлік тәжірибесі мол ес тоқтатқан азаматтар да осындай ағымдардың қармағына ілініп кетті. Өйткені, атеизмді жалау еткен кеңестік қоғамнан кейін, рухани бостандыққа қол жеткізген, діни білімі жоқ жандар үшін ақ-қараны ажырату қиын еді. «Уақыт-төреші» демекші, бүгінде кеткен кемшілікті түзетуге бағытталған бірқатар шаралар жүзеге асырылып келеді. Солардың бірі және бірегейі «Жусан» операциясы. Сирияға адасып барған отандастарымызды қайтаруға мүмкіндік тудырды. Қазір санасы әбден уланған жерлестерімізбен арнайы мамандар оңалту жұмысын жүргізуде. Осы орайда ҚазАқпарат тілшісіне карантин лагерінде ондаған адаммен әңгімелесіп, олардың ой-өрісін өзгертуге атсалысып жүрген  теолог Дәулет Қазыкеновпен сұхбаттасудың орайы келді.
ары қарай
Жоғары қарай