
Түркістанда прокуратура қызметкерлерінің ұйымдастыруымен семинар-кеңес өтті
ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат – Түркістанда облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіровтің төрағалығымен мемлекеттік айыптаудың сапасын арттыруға бағытталған семинар-кеңес өтті. Басқосуға прокуратура және қылмыстық қудалау органдарының шұғыл қызметкерлері мен соттар қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Байқоңырдағы мектептерде қауіпті қалдықтар заңсыз сақталған
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Байқоңыр қаласындағы білім мекемелері құрамында сынабы бар қауіпті қалдықтарды мектеп ғимаратында заңсыз сақтаған. Осылайша 8 049 оқушы мен 1307 қызметкердің денсаулығына қауіп төндірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысының прокуроры браконьерлермен күресті күшейтуді тапсырды
ШАРДАРА. ҚазАқпарат –Түркістан облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіров Шардара ауданының халқымен кездесті. Қоссейіт, Тұрысбеков және Жаушықұм ауыл округтерінен 100-ге жуық тұрғын облыс прокурорына өзекті мәселелерді жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістандық прокурорлар 8 мың кәсіпкердің құқығын қорғады
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының прокуратурасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының облыстық филиалымен бірге бекітілген ынтымақтастық меморандум аясында аталған бағдарламаны белсенді түрде жүзеге асыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысында жазатайым оқиғалар суицид ретінде тіркелген - прокуратура
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында кәмелетке толмағандар арасындағы өзіне қол жұмсау деректері едәуір артқан. Бұл туралы облыстық прокуратура қызметкерлері, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессорлық-оқытушы құрамы мен полиция департаменті, қоғамдық даму басқармасының басшылары мен үкіметтік емес ұйым өкілдері бас қосқан жиында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Көкшетауда жұмысшылар берілмей келген 31 млн теңге жалақысын прокуратура көмегімен алды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетау қаласының прокуратурасы бірқатар кәсіпорын жұмысшыларының 31 млн теңгеге жуық төленбей келген жалақысын алып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полицей мен прокурорға қатысты «парасаттылыққа тексеру» институты енгізіледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда полицей мен прокурорға қатысты Integrity Check парасаттылыққа тексеру институты енгізілмек. Бұл туралы бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Алик Шпекбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысының прокуроры тұрғындардың арыз-шағымдарын тыңдады
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіров «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының «Open Space» форматындағы қоғамдық қабылдау бөлмесінде бір топ азаматпен кездесті. Облыстың аудан-қалаларынан келген 11 тұрғын партия ұсынған мүмкіндікті пайдалана отырып, прокурорға өздерін мазалаған мәселелер бойынша талап-тілектері мен арыз-шағымдарын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бас прокуратура: Екі жылда 66 млрд теңге жымқырылған
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бас прокуратура алқасының отырысында мемлекеттік бағдарламаларға бөлінген қаржы жымқырылған қылмыстық істерді тергеудің заңға сәйкестігі, тұрғындарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай