
Талдықорған тұрғынын «қарызың бар» деп ұшаққа мінгізбей қойғандар өтемақы төлейді
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Кипр еліне ұшқалы тұрған жерінен сапарынан қалып қойған Александр Милько апелляциялық сотта жеңіп шықты. Талдықорғандық тұрғынның ешқандай қарызы болмаса да, әуежайдағы мамандар оны ұшаққа өткізбей қойған. Себебі мәліметтер базасында оған шетелге шығуға тыйым салынғаны жөнінде ақпарат шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Стати Нью-Йорк сотына Қазақстанға қарсы берген арызын қайтарып алды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әділет министрлігі 12 қарашада Анатол Стати, Габриэль Стати, Ascom Group S.A. пен Terra Raf Trans Traiding Ltd. («Стати») Нью-Йорк сотында Қазақстан Республикасына қарсы арызын өз еріктерімен қайтарып алғанын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыда аудандық соттың судьясы пара алу күдігімен ұсталды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласы Бостандық ауданы сотының судьясы парамен ұсталды. Сыбайлас жемқорлық дерегінің жолын ҚР Жоғарғы сотының ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі мен Алматы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі бірігіп кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шымкентте жүргізуші куәлігін саудаға салған 26 полицейге үкім оқылып жатыр
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте 26 полиция қызметкері мен 12 делдалға қатысты үкім оқыла бастады. Айыпталушылар қатарында тіркеу-емтихан бөлімінің 5 бірдей басшысы да бар. Екі жылға созылған тергеуден соң басталған сот отырысы бір жарым жылға созылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай