Ауа райы
Нұр-Сұлтан 16 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 379.59
EUR 429.43
RUB 5.91
CNY 56.58
15 жыл бұрын «ҚазАқпарат» латын әліпбиінде жаңалықтар тарата бастаған еді НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақпарат құралы - мемлекеттік идеологияның құралы. Тіл мәселесі, ұлттың рухани дамуы, ғылым мен білімді насихаттауда да бұқаралық ақпарат құралының орны ерекше екені белгілі. Руханият, ғылым мен білім тұрғысынан алғанда - Қазақстандағы латын әліпбиіне көшу мәселесі де осындай аса маңызды қадамның бірі болды. Қазір латын әліпбиін ешқандай саяси саудаға салмай, оның таза прагматикалық шешім екенін айтып жатудың өзі артық. Өйткені, бүгінгі әлем - латын әліпбиінің әлемі. Ғылыми жетістіктер де, бірінің орнын бірі шапшаң басып жатқан технология жаңалықтары да латын әліпбиімен жазылып, таралуда. Бұндай бағыттың айқындығын алғаш аңғарып, Қазақстанда латын әліпбиін іс жүзінде енгізуге тұңғыш қадам жасаған «ҚазАқпарат» агенттігі болатын. Агенттік осыдан дәл 15 жыл бұрын, 2004 жылдың 16 сәуірінде алғаш рет латын нұсқасын іске қосып, қазақ тілінде жаңалықтар тарата бастады. Бұны жүз жылдық тарихы бар агенттіктің Тәуелсіздік кезеңіндегі жаңа сапаға көтерілген қадамы деп қараған жөн. Екінші жағынан, бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру бағытындағы жұмысқа дайындықтың бір бөлігі десе де болар еді.
ары қарай
Жоғары қарай