
Төлеутай Рақымбеков ауыл шаруашылығындағы ғылымды дамытудың жолын атады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы Төлеутай Рақымбеков ауыл шаруашылығы саласында ғылыми зерттеулерді тәжірибе жүзінде іске асыру бағыты туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

9000-ға жуық сөзді қамтыған «Қазақ тілінің кірме сөздер сөздігі» жарыққа шықты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ұлттық аударма бюросының үйлестіруімен «Қазақ тілінің кірме сөздер сөздігі» мен Оксфорд сөздіктері («Әлеуметтік ғылымдар сөздігі», «Экономика сөздігі») жарыққа шыққан еді. Сөздікті шығаруға сала мамандары мен беделді ғалымдар, тіл мамандары атсалысты. Осыған орай «Қазақ тілінің кірме сөздер сөздігін» құрастырушы топқа жетекшілік еткен, филология ғылымдарының докторы, профессор Шерубай Құрманбайұлымен сұхбаттасып, жоба жайлы сұрап-білген едік.

Алматыда «Дені сау бала – ұлт болашағы» атты халықаралық конференция өтіп жатыр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде «Дені сау бала – ұлт болашағы», «Педиатриялық ғылымның интеграциясы, білім және тәжірибе» тақырыбында екі бірдей халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бизнестің ғылыми-зерттеу жұмыстарына кеткен шығыны субсидияланады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдан бастап бизнестің ауыл шаруашылығындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына кеткен шығыны субсидияланады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жапонияның өзі латын графикасын қолданады – ғалым
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлем халқының 70% латын әліпбиін біледі. Тіпті жапон, қытайлардың өзі «қытай латын графикасы», «жапон латын әліппесі» дегенді қолданады. Бұл туралы елордада өткен «Латын графикасындағы БАҚ мүмкіндігі мен мәселелері» атты семинарда айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астрономдар комета фонындағы кішкентай Жерді түсіріп алды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – АҚШ, Коннетикуттегі Йель университетінің астрономдар командасы Гавай аралдарында Кек атындағы обсерваторияда 2I/Борисов кометасын суретке түсіріп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Все о космосе» сайтына сілтеме жасап.

Алматыда тарихшылардың VІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында «Ұлы даланың ұлы есімдері: жастарды патриоттық тәрбиелеудің ғылыми-теориялық және зерттеу мәтініндегі практикалық қырлары» атты жас тарихшы ғалымдардың VІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан мен Қырғызстан зиялылары мен ғалымдарының бас қосуы аса қажет - Мәулен Әшімбаев
БІШКЕК. ҚазАқпарат – Қазақстан мен Қырғызстан зиялылары мен ғалымдарының басқосуы қазіргі кезеңінде аса қажет. Бұл туралы Бішкекте Қазақ-қырғыз зиялыларының IV форумында ҚР Президентінің көмекшісі Мәулен Әшімбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан Президенті академик Серікбек Дәукейді қабылдады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Кездесу барысында геология саласын дамытудың, салалық министрлік құрылғаннан кейінгі қолға алынған реформалардың орындалу барысының, сонымен қатар, жер қойнауын зерттеу бағытында қабылданған мемлекеттік және заңнамалық қолдау шараларының өзекті мәселелері талқыланды.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай