
Министр этникалық қазақтарға азаматтық берудегі өзгерістер туралы айтты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халықаралық Қызыл Крест комитеті қазақстандық балалардың Ирактан қайтарылуына қолдау білдірді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Халықаралық Қызыл Крест комитетінің президенті (ХҚКК) Петер Маурердің құттықтау хаты келіп түсті. Онда қазақстандық 14 баланы Ирактан қайтару гуманитарлық операциясының сәтті өткені туралы айтылған, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Омбы қазақтары» мектептерге қазақ тілі пәнін қайтаруға талпынып жатыр
ОМБЫ. ҚазАқпарат – Солтүстіктегі көрші мемлекеттің миллион тұрғыны бар қалаларының қатарына кіретін Омбы шаһарында «Омбы қазақтары» газеті шығады. Одан бөлек, қазақ ізін іздесеңіз, Шоқан Уәлиханов пен Сәкен Сейфуллин атындағы көшемен серуендеп, Шоқан мен суретші Амангелді Шәкеновтің ескерткішіне барып қайтуыңызға болады.
«Отандастар Қоры» Достық үйлерінен қандастарды қабылдау бөлмесін ашуды ұсынды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Отандастар қоры» КЕАҚ облыстардағы Достық үйлерінен қандастарға арналған қоғамдық қабылдау бөлмелерін ашуды ұсынды. Бұл туралы бүгін «Отандастар. Болашаққа бағдар» атты халықаралық дөңгелек үстел барысында Қордың бірінші вице-президенті Талғат Адуов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемнің 11 елінде қазақ тілін оқытатын 31 онлайн сынып жұмысын бастайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шетелдегі қандастарға өз тілін ұмытпай, оқып жүруіне мүмкіндік жасау үшін «Қастерлі қалам» жобасы әзірленеді. Бұл жайлы елордада өтіп жатқан «Отандастар. Болашаққа бағдар» атты халықаралық дөңгелек үстелінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақ диаспорасы көп елдерде «Қазақ үйі» ашылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақ диаспорасы көп елдерде «Қазақ үйлері» ашылады. Бұл туралы елордада өтіп жатқан «Отандастар. Болашаққа бағдар» атты халықаралық дөңгелек үстелде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанға көшетін қандастардан талап етілетін құжат саны 43-тен 20-ға дейін қысқарады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанға көшетін қандастардан талап етілетін құжат саны 43-тен 20-ға дейін қысқартылады. Бұл туралы елордада өтіп жатқан «Отандастар. Болашаққа бағдар» атты халықаралық дөңгелек үстелде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қырымбек Көшербаев: Қазақстан Президенті қандастардың мәселесін мұқият қарап, нақты тапсырмалар берді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Мемлекеттік хатшысы, «Отандастар қоры» КЕАҚ Қамқорлық кеңесінің төрағасы Қырымбек Көшербаев елімізде «Отандастар» халықаралық форумы өткізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай