
Ауыл шаруашылығы министрлігі студенттерге білім грантын бөлетін болады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігінің ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша білім беру гранттарының көлемін анықтау жөніндегі функциялары Ауыл шаруашылығы министрлігіне беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат АШМ сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Бакуде өткен ЭЫҰ отырысына қатысты
БАКУ. ҚазАқпарат – Бакуде Экономикалық ынтымақтастық ұйымына (ЭЫҰ) мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы министрлерінің 6-шы отырысы өтті, оған Қазақстанның атынан Ауыл шаруашылығы вице-министрі Нұрбек Дайырбеков қатысты. Отырыс қорытындысы бойынша Ауыл шаруашылығы бойынша Баку декларациясы қабылданды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бизнестің ғылыми-зерттеу жұмыстарына кеткен шығыны субсидияланады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдан бастап бизнестің ауыл шаруашылығындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына кеткен шығыны субсидияланады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сапархан Омаров қандай азық-түлік түрлері импортқа тәуелді екенін айтты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан сомасы 505 млн АҚШ доллары болатын 6 тауар бойынша ғана импортқа тәуелді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

АШМ ветеринарлық тексерісті ескертусіз жүргізеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Кеден органдары мен өңірлік әкімдіктер ветеринарлық-санитарлық бақылау-қадағалау функцияларының бір бөлігін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағына қайтарады. Бұдан былай, министрлік ветеринарлық бақылау инспекторлары шаруашылық субъектілерін кенеттен тексеру жұмыстарын жүргізе алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда элеваторларға қосымша табыс табуға рұқсат берілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Аграрлық-өнеркәсіптік кешендеріне қолайлы бизнес орта қалыптастыру мақсатында астық қабылдау кәсіпорындарына қосымша қызметтер көрсету мүмкіндігі беріліп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР АШМ ЕАЭО-ның сүт бойынша регламенті отандық өндірушілерге не беретінін айтты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылдың 1 қаңтарында Еуразиялық экономикалық одақтың «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті күшіне енеді. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі осы өзгерістің отандық сүт өнімдерін шығаратын зауыттарға әсері туралы БАҚ-та жарияланған ақпараттарға қатысты ресми түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның агроөнеркәсібі инвестиция құюға тиімді салалардың бірі – вице-министр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның ауылшаруашылық саласы – инвестиция құюға ең тиімді салалардың бірі. Бұл туралы бүгін елордада өткен Қазақстан-Италия бизнес-форумында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанда мақта өндірушілерді қолдайтын жаңа бағдарлама жасақталуда
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда мақта өндірушілерді қолдайтын жаңа бағдарлама жасақталуда. Осы мақсатта Ауыл шаруашылық министрлігінде арнайы жұмыс тобы құрылған. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрмановтың мақта өндірушілерімен кездесуінде белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент: ҚР мен РФ ауыл шаруашылығы министрліктері бірлескен жұмысты күшейтуі тиіс
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан мен Ресейдің ауыл шаруашылығы министрліктері бір-бірімен белсенді араласа жұмыс жүргізуі тиіс. Ресейдің Омбы қаласында өтіп жатқан «Шекара маңы ынтымақтастығын дамытудың өзекті мәселелері» атты Қазақстан мен Ресей арасындағы XVI өңіраралық ынтымақтастық форумында Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ет экспорты ішкі нарықтағы баға өсіміне әсер етіп отыр - министр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан ет экспортын ұлғайтқаннан кейін ішкі нарықтағы өнім бағасы өсіп отыр. Бұл туралы бүгін Ақордада ҚР Қауіпсіздік кеңесінің жанындағы Сарапшылық кеңес отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанда агроөнеркәсіп өнімдерінің экспорты 3 млрд долларға жетті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені өнімдерінің экспорты 3 млрд долларға жетті. Бұл туралы бүгін Ақордада ҚР Қауіпсіздік кеңесінің жанындағы Сарапшылық кеңес отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның ішкі нарығы қандай азық-түлікпен 100 пайыз қамтылған
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада ҚР Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Қалмұханбет Қасымовтың төрағалығымен Сарапшылық кеңес отырысы өтті. Жиында еліміздің азық-түлік қауіпсіздігінің өзекті мәселелері қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай