
WADA Ресейді Олимпиададан төрт жылға шеттетті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік антидопинг агенттігі атқарушы комитеті (WADA) комитеттің ұсынысына сәйкес бірауыздан шешім қабылдады. Енді алдағы төрт жылда Ресей Олимпиада мен әлем чемпионаттарына қатыса алмайтын болды. Сонымен қатар, үлкен халықаралық турнирлерді де өткізе алмайды, деп хабарлайды ВВС.

«Омбы қазақтары» мектептерге қазақ тілі пәнін қайтаруға талпынып жатыр
ОМБЫ. ҚазАқпарат – Солтүстіктегі көрші мемлекеттің миллион тұрғыны бар қалаларының қатарына кіретін Омбы шаһарында «Омбы қазақтары» газеті шығады. Одан бөлек, қазақ ізін іздесеңіз, Шоқан Уәлиханов пен Сәкен Сейфуллин атындағы көшемен серуендеп, Шоқан мен суретші Амангелді Шәкеновтің ескерткішіне барып қайтуыңызға болады.

Димаш концертінде алғаш рет жанкүйерімен бірге ән шырқады
САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. ҚазАқпарат – 29 қарашада Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы Мұз сарайында Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтті. Әлемге танымал әншінің концерті туралы әлеуметтік желіде көптеген фото-видео жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
2020 жылдан бастап Беларусь өкілі ҰҚШҰ Бас хатшысы лауазымына кіріседі
БІШКЕК. ҚазАқпарат – ҰҚШҰ-ға мүше елдердің басшылары 2020 жылдан бастап Ұйымның Бас хатшысы лауазымына Беларусь өкілі Станислав Засьті бекітті. Бұл туралы Бішкекте өткен брифингте ҰҚШҰ Бас хатшысының міндетін атқарушы Валерий Семериков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңесі сессиясында толықтай өзара түсіністікке қол жеткізілді
БІШКЕК. ҚазАқпарат – ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік кеңесі сессиясы барысындағы талқылау кезінде күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша толықтай өзара түсіністікке қол жеткізілді. Бұл туралы Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жансейіт Түймебаев Татарстанның Мемлекеттік кеңес төрағасымен кездесті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев Татарстан Республикасы Мемлекеттік кеңес төрағасы Фарид Мухаметшинмен кездесті, деп хабарлайды ҚХА баспасөз қызметі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай