
Қостанайлық әжей наурыз көже пісірудің ең оңай тәсілімен бөлісті
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Ұлыстың ұлы күніндегі басты тағам - наурыз көже. Түркі халықтарының ұғымында жеті саны қасиетті саналғандықтан, наурыз көжеге жеті түрлі дәм қосылады. Қостанайлық әжей Тұрсынкүл Әбдірқызы оны жылдам дайындаудың тәсілдерімен бөлісті.

Наурыз мейрамы қазақ ұлтын қайта оятты - Дәулет Әбенов
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе өңірі. Наурыз мерекесін 80-жылдардың аяғында қайта тойлана бастады. Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар мен ұлттық ойындар да қайта түледі. Бірақ әлі де ұмыт қалған салт-дәстүрлер мен ұлттық ойындарымыз бар. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Дәулет Әбенов айтып берді.

Май салынған қарын Наурыз көжеге ерекше дәм береді - Зере әжей
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Наурыз көже -Ұлыс ұлы күні жасалатын қасиетті ас. Бұл тағамның жеті түрлі дәмнен әзірленетінін бәріміз жақсы білеміз. Алайда, көжені еліміздің әр өңірінде әркім әрқалай пісіреді. Осыны алға тартып, ҚазАқпарат тілшісі мереке қарсаңында көпті көрген, тірліктегі тәжірибесі мол көкшетаулық Зере Еспайқызын сөзге тартып, Көкше жерінде Наурыз көжені дайындау әдісімен бөлісуін өтінді.

Еліміздің оңтүстігінде Наурыз мейрамы қалай тойланады
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Қазақта наурыз айы - жаңа дәурен мен жақсылықты айшықтайтын әрі өткенді саралап, бүгінгіні бағамдайтын, табиғат-ананың оянып, тіршілік атаулының түлейтін кезеңі саналады. Көнеден келе жатқан Наурызнама дәстүрі бүгінде заманауи үлгіде қайта жаңғыртуға бағытталып, мерекелік шаралар бірнеше күндерге жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан өңірлерінде наурыз көже дайындауға қанша ақша жұмсалады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Наурыз көже - Ұлыстың ұлы күні жасалатын қасиетті ас. Оған тары, арпа, бидай, бұршақ, күріш сияқты жеті түрлі дән мен ақ қосылады. Түркі халықтарының ұғымында жеті саны қасиетті саналғандықтан, наурыз көжеге жеті түрлі дәм қосылады. Оған қоса, ол - тоқшылық пен ырыс құттың жоралғысы. Наурыз көже келер жылғы молшылықтың жаршысы ретінде наурыз тойында әрбір шаңырақта міндетті түрде әзірленген. Соғымнан арнайы сақталған мүшелер (қазы, қарта, шұжық, т.б.) де қосылады.

Түркістанда 2 мың литр наурыз көже дайындалып, 500 келі бауырсақ үлестірілді
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Түркістан облысының жұртшылығы Ұлыстың ұлы күнін Түркістан қаласында тойлады. «Есім хан» алаңында өткен мерекелік шарада өңірдің танымал өнерпаздары, студенттер мен мектеп оқушыларынан құралған жалпы 2000-ға жуық адам өз өнерлерін көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әр елдің салты басқа: Әлем елдері жаңа жылды қалай қарсы алады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі қазақ халқы үшін кезекті жылдың есігін ашып, жұртымыз жаңа жылмен бірге, елдегі соңғы жаңалықтарды ескерсек - жаңа кезеңге аяқ басқалы отыр. Тәуелсіздіктің жаршысы іспеттес қазаққа қайтып келген Наурыз мерекесінің ұлтымыз үшін маңызы ерек. Ал енді әлем елдері жаңа жылды қалай тойлайды? ҚазАқпарат тілшісі бұл мақалада әлемдегі түрлі халықтардың жаңа жылды қарсы алу дәстүріне шолу жасайды.

ЮНЕСКО-да Наурыз мейрамы тойланды
ПАРИЖ. ҚазАқпарат - Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі кеңесінің (ЮНЕСКО) Франция астанасындағы бас пәтерінде арнайы салтанатты іс-шара өтті. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Астана маңындағы елдімекендер Наурыз мерекесін тойлап жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Железнодорожный» және «Промышленный» тұрғын алаптарында Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамын тойлау басталды. Жиналған қауым мерекелік концерт тамашалап, тоғызқұмалақ пен асық ату ойындарында шеберлік байқасты, ұлттық тағамдардан дәм татып, киімдер көрмесін тамашалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай