Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 432.55
EUR 470.83
RUB 5.84
CNY 61.31

Сыр өңірінде агроөнеркәсіп кешен өнімдері әлемнің 19 еліне экспортталады

2020 жылдың 19 ақпан 2020 21:03

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында өндірілген агроөнеркәсіптік кешен өнімдері әлемнің 20-ға жуық еліне экспортталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2017 жылы облыстың ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау бағытында кешенді маркетингтік зерттеу жүргізілді. Соның негізінде бүгінде облыстың агроөнеркәсіп кешенінің «Агрокартасы» жүзеге асырылуда.




Қазір шетелге экспортталатын өнім тізбесі 3-тен 19-ға дейін артты. Нәтижесінде 2019 жылы экспорт көлемі 7 пайызға өсті. Оның ішінде 90 пайызы - қайта өңделген өнім. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімдерін қалдықсыз өңдеуге жаңа технологиялар тартылуда.

«Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тұрақты ұстап тұруға тұрақтандыру қорының серіктес сауда желілері арқылы қол жеткізіп отырмыз. Өткен жылдың қорытындысымен әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің баға индексі республика бойынша біздің облыста ең төменгі өсімді (9,1%) көрсетті», - деді облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов бүгін халық алдында есеп беру кездесуінде.

Биыл көктемде қалаға қарасты Маханбетов ауылында көлемі 2 гектарды құрайтын және автоматтандырылған жылыжай кешенінде өсірілген көкөністің алғашқы өнімі жиналады деп күтілуде. Жобаның құны - 1 млрд теңге. Жылыжай испандық технология негізінде жұмыс істейді.



Жоғары қарай