Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

Сұлтан Камалетдинов Ұлттық қорғаныс университетінің басшысы болып тағайындалды

2019 жылдың 18 қазан 2019 11:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Өкімімен Сұлтан Камалетдинов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы қызметіне тағайындалды. Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Генерал-майор Сұлтан Бүркітбайұлы Камалетдинов 1965 жылы 12 ақпанда Астрахан облысында (РФ) дүниеге келген.

Ташкент жоғары танк училищесін бітірген; Танкіге қарсы әскерлер әскери академиясының тыңдаушысы; Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясының тыңдаушысы.

Еңбек жолы: Германиядағы совет әскері тобының танк дивизиясының гвардиялық танк полкінің танк взводы командирі; танк батальоны командирінің орынбасары - штаб бастығы, танк батальоны командирі, танк полкінің командирі, механикаландырылған дивизия командирінің орынбасары - штаб бастығы, механикаландырылған бригада командирі (1986-2005); «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскер қолбасшысы басқармасының штабы бастығының орынбасары (2006-2008); «Оңтүстік» ӨҚ әскер қолбасшысының әскери дайындық жөніндегі орынбасары (01.2008-08.2008); «Оңтүстік» ӨҚ әскер қолбасшысы басқармасы штабының бастығы - қолбасшының бірінші орынбасары (2010-2012); «Астана» ӨҚ әскер қолбасшысы басқармасы штабының бастығы - қолбасшының бірінші орынбасары (2012-2013); «Астана» ӨҚ әскери қолбасшысы (2013-2016); ҚР Қорғаныс министрлігі Қарулы Күштерінің Құрлықтағы әскерлер бас қолбасшысының бірінші орынбасары (2016 жылдан) болды.

Жоғары қарай