Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Судьялардың қызметтен кетуі неліктен жиіледі - Асанов себебін атады

2019 жылдың 10 шілде 2019 17:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін судьялардың кеңейтілген кеңесінде ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асанов судьялардың жұмыстан кету себептерін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы сот жүйесінің ең басты мәселесі, бір ғана проблемасы бар деп ататын болсақ, ол - судьялық кадрлар. Биылға дейін судьялыққа мықты заңгерлер ұмтылмайтын. Неге? Өйткені, біздің бар қиыншылығымызды, жалақымыз төмен екендігін, жүктеме көп екендігін біледі. Тіпті прокурорлар да, адвокаттар да, басқа загерлер де сотқа келгісі жоқ. Сонда «судья боламын деп конкурсқа қатысып жатқандар кімдер?» деген сұрақ туады. Олардың басым көпшілігі соттағы техникалық қызметкерлер - сот хатшылары», - деді ол 2019 жылдың 1 жарты жылдығындағы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы қаралған кеңесте.

Сонымен қатар, ол аталған қиыншылықтарға шыдамай жасы зейнетке жетпесе де өз еркімен жұмыстан шығып кететін судьялар қатары көп болғанын айтты.

«Жоғарғы сот кеңесінің отырысында әрбір адамды өз еркімен жұмыстан шығару мәселесі қаралады. Біз сонда одан «себебі қандай?» деп сұраймыз. Негізінен екі-ақ себеп айтады. «Алдымен жалақы аз, одан кейін жеке өмірге уақыт жоқ» дейді. Өйткені, күніне әрбір судья 10 шешім қабылдайды. Үшінші себеп те бар. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларына, облыс орталықтарына ауысу, басшылық қызметке тағайындалу бойынша сот жүйесінің ішінде әділдік болмағанын алға тартады», - деді Жоғарғы сот төрағасы.

Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: ҚР Жоғарғы соты,
Жоғары қарай