Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 397.56
EUR 445.94
RUB 5.82
CNY 55.96

Су тасқынынан зардап шеккен Елтай ауылында жаңа үйлер салынатын болды

2020 жылдың 22 мамыр 2020 04:30

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласының іргесіндегі су тасқынынан зардап шеккен Елтай ауылында жаңадан баспаналар салынатын болды.

Қайта салынатын 5 тұрғын үйге «Шымкент қайырымды қала» әлеуметтік қорынан қаражат бөлініп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімінің орынбасары Бауыржан Мамыталиев аталған елді мекеннің тұрғындарымен кездесу барысында тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары осы аптаның соңында басталатынын атап өтті.

«Құрылыс компанияларына үйлерді бір жарым айда салп бітіруді тапсырдық. Бұдан бөлек, су басқан 32 үйдің зақымданғаны туралы комиссия шешім шығаратын болса, әлеуметтік қордан қалпына келтіру жұмыстарына тиісті қаражат бөлеміз»,-деді Б.Мамыталиев.

Сондай-ақ, қала әкімінің орынбасары су басқан аулалар мен көшелерді тазарту жұмыстарының барысын тексерді. Елтай ауылына қазір су келіп жатқан жоқ. Қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл жұмыстарға Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 48 қызметкері, 3 техника мен 1 мотопомпа жұмылдырылған. Өрт сөндіру бөлімдерінің өкілдері су басқан аула, аумақтардан, көшелерден батпақ лай мен тастарды шығарып жатыр. Ауыл маңындағы арықтар жиналған қоқыстардан тазартылуда. Сондай-ақ олар бүгінге дейін ұзындығы 30 метр болатын екі көше мен 48 үйдің ауласын лайдан тазартқан.


Жоғары қарай