Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Су тасқыны: СҚО-дағы республикалық маңызы бар жол қалпына келтірілді

2019 жылдың 16 сәуір 2019 21:02

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының Ғ.Мүсірепов ауданында тасқын су бұзған «Алматы - Екатеринбург» республикалық маңызы бар автожолдағы көлік қатынасы қалпына келтірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақан-Бұрлық өзені арқылы өтетін жаңа көпірдің құрылысына байланысты республикалық маңызы бар М-36 «Алматы - Екатеринбург» трассасының жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін уақытша айналма жол салынған болатын. Алайда сәуір айының басында уақытша жол тасқын судан зардап шекті. Мамандардың айтуынша, бұл автокөлік қатынасына айтарлықтай әсер етпеген, көліктерге айналып өтуге тура келді. Алайда өзен бөліп жатқан ауылдық округтердің тұрғындары біраз қиындықтар көрді. Жергілікті атқарушы органдар, азаматтық қорғау қызметтері және СҚО ТЖ департаменті тұрғындардың тұрмыс-тіршілігін жақсарту үшін дереу кешенді шаралар қабылдады.

СҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының мәліметінше, құтқарушылар Ақан-Бұрлық өзені арқылы өткел ұйымдастырды. Сәуірдің 2-15-і аралығында олар 1000-нан астам тұрғынды, оның ішінде 180-нен астам баланы бір жағадан екінші жаққа өткізді.




null

«Біз орта есеппен күніне таңертеңнен кешке дейін 30 рейс жасадық. Өзеннің лайланған суымен 50 метр қашықтықты еңсеру оңай емес. Сонымен қатар, мұз бенен қатты ағыс кедергі болды. Бірақ біз тапсырманы орындадық, тұрғындардың ризашылығына бөлендік»,- дейді СҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы Нұрлан Мұқашев.




null


null

Тасқын су бұзған айналма жол бүгінде толық қалпына келтірілді.

Жоғары қарай