Ауа райы
Астана -14 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Су добы: Қазақстандықтар Азия чемпионатының жүлдегері атанды

2019 жылдың 1 қазан 2019 18:48

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батысқазақстандық қос спортшы Үндістанның Бангалор қаласында су добынан жасөспірімдер арасында Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құрамында оралдықтар Ұлан Амангелдиев пен Даниил Артюх бар қазақстандықтар екінші орынға ие болумен бірге әлем чемпионатына жолдама алды.

Ел құрамасы біріншілік барысында Иранды 9:6, Өзбекстанды 10:9, Қытайды 13:7, Кореяны 16:10, Үндістанды 19:6, Шри-Ланканы 27:1 есебімен ұтты. Тек 8:16 есебімен Жапония құрамасына ғана есе жіберді.

Чемпионат қорытындысында жапондар чемпион атанса, ирандықтар үздік үштікке ілікті.

Батысқазақстандық су добы шеберлерінің мұндай биіктен көрінуіне бапкерлері Нұрлан Мерғалиев, Мейірман Мұқанғалиев, Дамир Төрегелдиевтер көп еңбек сіңірді.

Он жеті жасар Ұлан Амангелдиевтің айтуынша, су добымен алты жылдан бері дендеп айналысып келеді.

«Жеңіске құрама мүшелерінің бәрі де өз үлестерін қосты. Бірге шабуылға шығып, қорғана да білдік. Ең бастысы, күміс жүлдемен бірге әлем чемпионатына берілетін жолдаманы да ұтып алдық. Енді елге оралғалы жатырмыз. Айтулы додаға Даниил екеуміздің қатысуымыз Оралда су добының жақсы дамып келе жатқанын көрсетеді. Алдағы уақытта да намысты қолдан бермеуге тырысамыз», - деді ҚазАқпарат тілшісіне Ұ.Амангелдиев.

Жоғары қарай