Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 361.66
EUR 409.51
RUB 5.41
CNY 52.36

Студенттер тиінді жасау барысында ешқандай қаржы шығындамаған

2018 жылдың 18 шілде 2018 13:22 1082

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Ауылшаруашылығы вице-министрі Арман Евниев Қаскелеңге іссапары барысында сабаннан жасалған тиінді жоғары бағалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Вице-министр Қаскелеңге машина құрау саласының жетістігі - комбайнерсіз жүретін комбайнды тестілеуге келген болатын.

«Тиін маған ұнады. Бірақ, Атакенттегі тиінді әлі көрген жоқпын. Студенттердің таза табиғи өнімнен өнер туындысын жасағаны әрине қуантады. Бұл аграрлық факультет студенттерінің ізденісі мен зерттеу жұмыстарындағы тәжірибесін көрсетеді. Бұл идеяны шетелдік суретшілер әкелді. Ал жастар тренд ретінде қабылдап алды. Бұл жерде қанша ақша кеткені маңызды емес, ең бастысы - идея», - деді Арман Евниев.


null

Айта кету керек, сабаннан жасалған алып тиін Алматы емес бүкіл Республика жұртшылығы талқылаған тренд тақырыпқа айналды.

Желі қолданушылары тиінді жасауға кеткен қаржыны босқа ақша шашу деп санайды.

Осыған орай Аграрлық университет студенттері кеше Қаскелеңде сабан шөптен тура сондай алып тиін орнатты. 20 шақты студент инсталляцияны 1 күнде жасап шыққан.



Мұның алдында бірқатар БАҚ-та Қаскелеңдегі тиінді жасауға 230 000 теңге жұмсалғаны хабарланған еді. Бұл ақпаратты Аграрлық университет студенттері жоққа шығарды.


null

Тиінді жасауға студенттер мүлдем қаржы жұмсамаған.

«Тиінді жасауға 230 000 теңге жұмсалды деген жалған сөз. Өйткені, біз ештеңе сатып алмадық. Біз шөпті өзіміз шаптық. Констуркция материалын да студенттерге тегін бердік. Тиін ең басты мәселе емес, біз бүгін тұңғыш рет жүргізушісіз жүретін комбайнды тестіден өткізіп жатырмыз. Арнайы жазылған бағдарлама егін ору машинасын өзі басқаратын болады», - деді «Қаскелең агропаркі» коммерцияландыру бойынша маманы Ринат Фазылбеков.

 

 

Автор: Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: ҚР АШМ, Оқиға, Алматы,
Жоғары қарай